Қазақстанның ММА бойынша кәсіпқой клубтардың деңгейі анықталмақ

Фотография - Қазақстанның ММА бойынша кәсіпқой клубтардың деңгейі анықталмақ

Сәуірдің 30-ы күні Астанада ММА бойынша Қазақстан чемпионаты мен 7-мәрте "Номад айқасы" өтеді.

120 0

Бұл жолғы бәсеке ел ішіндегі кәсіпқой клубтардың өзара дайындығын анықтап, жаттықтырушылар мен білекті жігіттерді іріктеуге бағытталған. Жекпе-жек кешінде әлем және Азияның бірнеше дүркін чемпионы Шавқат Рахмонов Alash Pride клубының өкілі Әділ Боранбаевпен жұдырықтасады.

Жыл сайын ел біріншілігінде жаңа шеберлер бой көрсетіп жататыны рас. Сол себепті, мамандар бұл жолы да есімі елге беймәлім жастар жеңіске жетуі ғажап емес деп отыр.

Анатолий Ким, Қазақстан ММА федерациясының президенті:
- Біздің биылғы жекпе-жектер жылдағыдан ерекше болмақ. Өйткені, бұл жолы тек қазақстандық шеберлер өзара мықтыны анықтайды. Кәсіпқой клубтардың деңгейін анықтауға мүмкіндік бар.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!