Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Македониямен кездесті

Фотография - Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Македониямен кездесті

Сейсенбі күні Қазақсан жасөспірімдер құрамасы Украина футболшыларымен ойнайды

2276 0

Македония астанасы Скопьеде өтіп жатқан УЕФА-ның Даму Кубогында 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғашқы ойынын алаң иелерімен өткізді. Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, пенальти сериясында Македония футболшыларының жолы болды. Есеп - 3:4. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан құрамасында алаңға шыққан футболшылар: Устименко, Махан, Кеңесов (Ульшин 41), Красноперов (Қайыркенов 41), Қашкен (Шәмші 41), Скворцов (Сейдахмет 41), Сағи, Әйтім, Ілиясов, Сағнаев, Жақыпбаев. Резерв: Мамырбаев, Ким, Медведев.

Сейсенбі күні Қазақсан жасөспірімдер құрамасы Украина футболшыларымен ойнайды. Олар бүгін Люксембург құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Украина - 3 ұпай
Македония - 2 ұпай
Қазақстан - 1 ұпай
Люксембург - 0 ұпай 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!