Мессидің спорттық мансабындағы 500 голы "Барселонаны" жеңілістен құтқара алмады

Фотография - Мессидің спорттық мансабындағы 500 голы "Барселонаны" жеңілістен құтқара алмады

Бұл ойында 1-2 есебімен "Валенсия" футболшылары жеңіске жеткен

350 0

Испания біріншілігінің 33-туры аясында "Барселона" өз алаңында "Валенсияны" қабылдап 1-2 есебімен ұтылып қалды. "Барселона" қатарындағы жалғыз голды аргентиналық шабуылшы Месси соқты. Осы голынан кейін Месси спорттық мансабындағы соққан голдарының санын 50- ге жеткізді. "Барселона" жейдесімен жүріп 450  гол соқса 50 голды Аргентина құрамасында ойнап жүріп салған. 

"Барселона" Испания біріншілігінде соңғы үш тур қатарынан жеңіліп қалды. "Атлетико" жинаған ұпай санымен "Барселонамен" теңессе "Реал" олардан бір ұпай қалып келеді. Испания біріншілігінің аяқталуына бес тур қалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!