Головкин-Уэйд жекпе-жегінің қалай аяқталатынына 1329 азамат болжам жасады

Фотография - Головкин-Уэйд жекпе-жегінің қалай аяқталатынына 1329 азамат болжам жасады

"Қазақстан" Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты бокс кешін 24 сәуір күні 07:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетеді.

784 0

15 сәуірде "Қазақстан" РТРК Головкин-Уэйд жекпе-жегін дәл болжаған адамға смартфон сыйға беретінін жариялаған болатын. Сол уақыттан бері 1329 азамат болжам жасап үлгеріпті, деп хабарлайды BNews.kz.

23 сәуір, Қазақстан уақытымен 24 сәуір күні WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізетінін естеріңізге саламыз.

"Қазақстан" Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты бокс кешін 24 сәуір күні 07:20-дан бастап тікелей эфирде көрсетеді.

"Осыған орай "Қазақстан" РТРК көрермендер арасында байқау жариялаған болатын. Оның шарты бойынша байқауға қатысушылар жекпе-жектің нәтижесін, яғни, кімнің, қалай және қашан жеңіске жететінін болжап, дұрыс әрі нақты табулары керек еді. Көрермендер мен жанкүйерлер белсенді қатысып, өз жауаптарын жіберіп жатыр. Осы уақытқа дейін редакцияға барлығы 1329 болжам түскен", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Айта кетейік, байқау Головкин-Уэйд жекпе-жегі басталар уақытқа дейін жалғасады. Жауаптарыңызды мына сілтеме арқылы өтіп, берулеріңізге болады. Жеңімпаз 24 сәуір күні таңертең белгілі болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!