Дзюдо: Алматыдағы Гран-приге 70-тен астам елдің спортшылары қатысады

Фотография - Дзюдо: Алматыдағы Гран-приге 70-тен астам елдің спортшылары қатысады

Бүгінгі таңда 76 мемлекеттің спортшылары жарысқа қатысуға өтініш білдірді

164 0

Мамыр айының 13-15 аралығында Алматы қаласында дзюдо күресінен "Grand Prix" жырысы өткізіледі. Бұл додаға әлемнің 70-тен астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарлананған.  

Бүгінгі таңда 76 мемлекеттің спортшылары жарысқа қатысуға өтініш білдірді. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, жарыс қожайындаы әр салмақ дәрежесі бойынша төрт спортшыға дейін қатыстыра алады.

Сонымен қатар,"Grand Prix" жарысы аясында Дзюдо академиясы ресми түрде ашылмақ. Дзюдо академиясының салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысады.

Жаңадан ашылатын дзюдо академиясы халықаралық стандартқа сай болмақ. Спорт кешенінде төрт татамиге арналған зал, жаттығу залы, 100 орындық жатақхана мен асханасы орналасады. Онда Қазақстан Ұлттық құрамасымен қатар, жас дзюдошылар да жаттығатын болады. Академияда халықаралық жаттығу жиыны, семинарлар мен шет елдік мамандармен бірлесе әр-түрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылмақ.

Естеріңізге салайық, академияның алғашқы тасын қалауға Халықаралық дзюдо федерациясының Президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысқан болатын.

"Grand Prix" Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 13 мамырда сағат 10.00 басталып, финалдық кездесу сағат 17.00 өтеді. 13 мамыр сағат 16.30-де турнирдің ресми ашылуы болады. Ал, оған дейін сағат 15.00 дзюдо академиясының ашылу салтанаты жоспарланған. Жеребе тарту рәсімі 12 мамырда өткізіледі.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 000$. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алған дзюдошыға 2400$, бапкеріне 600$ берілсе, екінші орын үшін балуан 1600$ бапкері 400$ алады, ал қола медаль иегері 800$ марапатталады, жаттықтырушысына 200$ сомасында қаржылай сыйлық табысталады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!