Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио Олимпиадасына бармайды

Фотография - Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев Рио Олимпиадасына бармайды

Тағы бір ауыр атлет қызымыз өмір бойына спорттан шеттетілд

741 0

Бұл туралы бүгін журналистердің сұрақтарына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлады Проспорт.
"Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев екі жыл әлемдік жарыстарға қатыспайды. Тағы бір ауыр атлет қызымыз өмір бойына спорттан шеттетілді. Демек, бұл спортшылар Рио Олимпидасына бара алмайды", - деді министр.
Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиада жеңімпазы атанған спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері өзгеріссіз қалатынын атап өтті. "Бірінші орынға 250 мың, екінші орынға 150 мың, үшінші орынға 75 мың доллар сыйақы беріледі. Бұл үкіметтен бөлінетін нақты қаржы. Бұдан бөлек, әрбір федерация мен облыстық ұйымдар спортшыларға құрмет көрсетуі мүмкін", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!