Рикардо Кака: "Реал" чемпиондар лигасын ұтса, Роналду Алтын допты иеленеді

Фотография - Рикардо Кака: "Реал" чемпиондар лигасын ұтса, Роналду Алтын допты иеленеді

Неймар Роналду мен Мессиден кейінгі әлемдегі ең үздік ойыншы - Кака

245 0

"Орландо Сити" клубының жартылай қорғаушысы Рикардо Кака өзінің отандасы Неймар туралы және Алтын доптың келесі иегері туралы ойын ортаға салды.  

"Неймар Роналду мен Мессиден кейінгі әлемдегі ең үздік ойыншы. Ол техникалық тұрғыдан үздіктердің қатарында. Бірақ оның мінезінен туындайтын мәселе бар. Себебі, ол алаңда шектен шығып кетіп жатады", деді бразиялық футболшы. 
Сондай-ақ, Кака Мадридтік "Реалда" бірге ойнаған әріптесі Роналду туралы да жылы пікір білдірген. "Егер «Реал» чемпиондар лигасында топ жарса, Алтын допты Роналду алатыны сөзсіз", дейді ол.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!