Головкин екінші раундта Доминик Уэйдті жеңді

Фотография - Головкин екінші раундта Доминик Уэйдті жеңді

Жекпе-жек нокаутпен аяқталды.

1367 0


WBA (Super), IBF, IBO и WBC (Interim)версиялары бойынша әлем Чемпионы Геннадий Головкин 26-жасар американдық Доминик Уэйдті жеңді, деп хабарлайды Today.kz. Жекпе-жек Лос-Анджелесте "Форум" аренасында өтті. Жекпе-жек 2 раундта нокаутпен аяқталды.

Жекпе-жекте қазақстандықтың басымдылығы айқын болды. Головкин қарсыласын бірінші-ақ раундта ногдаунға жіберді.

GGG үшін бұл WBA титулын 16-шы рет, IBO - 13 рет, WBC (Interim) - төртінші рет және де IBF - бірінші рет қорғап отыр.

Уэйдпен болған жекпе-жегі үшін қанша гонорар алатындығы белгілі болды. Қазақстандық екі миллион доллар алса, Уэйд - 500 мың доллар алады.

Жерлесіміз кәсіпқой бокста өткізген 35 жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтап отыр, оның 32-сі - аяқталған.


Қазақстандық боксшы келесі кездесуінде 7 мамырда өтетін Сауль Альварес-Амир Хан жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуы тиіс. Себебі Головкин IBF/IBO/WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы әрі WBC нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы, сондықтан ол Альварестің WBC чемпиондық титулына міндетті үміткер саналады. Алайда Сауль Альварес командасы орта салмақ аясында (160 фунт) қазақстандық боксшымен айқас өткізуге ниеттері жоқ екендіктерін байқатты.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!