Головкин "Канелоға" "вызов" тастады

Фотография - Головкин "Канелоға" "вызов" тастады

Қазақстандық мексикалық боксшыға Доминик Уэйдты жеңген соң шақырту тастады.

618 0

Американдық Доминик Уэйдты жеңген соңГеннадий Ноловкин Сауль "Канело" Альвареске шақырту тастады, деп хабарлайды Today.kz.

24-сәуірде Головкин-Уэйд жекпе-жегі Лос-Анджелесте екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Жеңіспен аяқтаған Головкин, өзінің жанкүйерлеріне алғысын білдірді. 

"Менің Калифорниядағы достарыма үлкен рақмет, рақмет, Қазақстан, рақмет. Менің командама рақмет, менің адамдарыма рақмет.(…) Менің белбеуімді бер, Канело, маған менің белбеуім керек", - деді GGG.

Жанкүйерлерімді қуанту үшін маған атышулы қарсылас қажет... Мен жанкүйерлеріме үлкен шоу сыйлағаным үшін өте қуаныштымын. Және олардың алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін, бірге уақыт өткізгеніміз үшін шексіз бақыттымын, - деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, ертеректе Головкин мексикалық Сауль Альвареспен кездесу үшін әлемнің кез-келген нүктесіне бара алатынын айтқан.

"Маған "Канеломен" қай жерде жұдырық түйістірерім маңызды емес. Еске алыңыздаршы, Мұхаммед Али мен Джордан Форман екеуінің жекпе-жегі Африкада өткен болатын. Өткізілетін орын ол екінші орында, мен тек Альвареспен жұдырықтасқын келеді, - дейді қазақстандық боксшы.- Маған жекпе-жекті Лондонда өткізу идеясы ұнайды. Мен "Вест Хэм" қонағы болған кезімде, мұнда қаншама жанкүйер барлығын көрдім. Тек футбол жанкүйерлерін емес, бокстың да фанаттарын көрдім.  Мен британдықтардың арасында сыйлы екенімді сездім, себебі менің стилім оларға ұнайды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!