Мұхамедиұлы: GGG ұлттық брендке айналды

Фотография - Мұхамедиұлы: GGG ұлттық брендке айналды

Головкин-Уэйд жекпе-жегі Лос-Анджелесте екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

383 0

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы боксшы Геннадий Головкинді бүгінгі тамаша жеңісімен құттықтады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

"Сізді кәсіпқой бокстағы 35-ші жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіз еліміздің мақтанашысыз. Қазіргі таңда сіздің "GGG" атыңыз Қазақстанның ұлттық брендіне, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің белгісіне айналып отыр. Жас боксшылар сіздің жеңістеріңізге қарап, содан үлгі алып тәрбиеленіп жатыр.

Сіздің жеңістеріңізге елімізде ғана емес, сонымен бірге шетелдегі миллиондаған бокс сүйер қауым тәнті. Миллиондаған жанкүйерлер сізден әрқашан қызықты та тартысты жекпе-жектер күтеді. Мен қазақстандық спортшылар және өзімнің атымнан сізді жеңісіңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, табыс және жеңістер тілегім келеді", делінген хатта.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!