Аршавин мен Тимощук "Қайратқа" жеңіс сыйлады

Фотография - Аршавин мен Тимощук "Қайратқа" жеңіс сыйлады

Қорытынды есеп – 3:0.

280 0

Қазақстан премьер-лигасындағы жетінші турдың ойындары болып өтті. Алты матч қатарынан жеңіске жеткен "Астана" бұл жолы Павлодарда тең түсті. Алматының "Қайраты" әйгілі қарсыласын ірі есеппен ұтып, жанкүйерлерін бір қуантып тастады.  

"Қайрат" бұл кездесуге жаралы арыстан секілді шықты. Команданың алғашқы алты турда 3 рет ұтылып, 2 рет тең ойнауы жанкүйерлерінің ашуына тиген болатын. Оның үстіне жұлдызды ойыншылардың сенімді ақтамауы тағы бар.

Үзіліске дейін "Қайраттың" кемі бес гол соғатын мүмкіндігі болған еді. Алайда қақпашы Самат Отарбаев сенімді ойнап, алаң иелерінің бірнеше соққысына тосқауыл болды. Тек тайм соңына қарай Маркович пен Аршавиннен көз жазып қалды. Екі голға да шабуылшы Жерар Гоудың қатысы бар. Гоу гол соқпаса да, екі мәртте пас шығарып берді.


Екінші таймда "Қайрат" көп шабуылдаған жоқ. Тактикалық тұрғыда әрекет жасап, есепті сақтап қалғысы келді. Кездесу соңына қарай украиналық легионер Анатолий Тимощук те мергендік танытты. Қорытынды есеп – 3:0.

"Қайраттың" қос жұлдызы гол соғып, Алматы командасы өз алаңындағы алғашқы жеңісті тойлады. Айтпақшы, Тимощук 1242 күннен кейін алғаш рет қарсылас қақпасынан саңылау тауып отыр екен. Ол соңғы рет допты 2012 жылы 28 қарашада "Бавария" сапында жүргенде "Фрайбург" қақпасына енгізген.

Қалған ойындардың нәтижелері төмендегідей:

"Тобыл" – "Жетісу" – 2:2 
Голдар: Джалилов, 1 (1:0). Джалилов, 13 (2:0). Савич, 54 (2:1). Тұрысбек, 56 (2:2). 
"Окжетпес" – "Ордабасы" – 2:0
Голдар: Чижов, 2 (1:0). Молдақараев, 3 (2:0).
"Тараз" – "Атырау" – 0:0

"Қайрат" – "Ақтөбе" – 3:0 
Голдар: Маркович, 42 (1:0). Аршавин, 43 (2:0). Тимощук, 90 (3:0). 
Алаңнан қуылды: Қайыров, 90 ("Ақтөбе").

"Ертіс" – "Астана" – 2:2 
Голдар: Ахметов, 3 (1:0). Деспотович, 6 (1:1). Мұжықов, 28 (1:2). Фонсека, 58 (2:2).

"Ақжайық" — "Шахтер" – 0:1

Гол: Финонченко, 17 (0:1).
Алаңнан қуылды: Николич, 86 ("Ақжайық").



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!