Қарағандыда "Қазақстан Барысында" күресетін палуандар анықталды

Фотография - Қарағандыда "Қазақстан Барысында" күресетін палуандар анықталды

"Сарыарқа Барысының" сынына облыстың 171 балуаны қатысып, күш сынады.

264 0

 Қарағандыдағы "Жастар" спорт сарайында Қазақстан Президентінің жүлдесі үшін "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Сарыарқа Барысының" сынына облыстың 171 балуаны қатысып, күш сынады. Жарыс қорытындысында, аса ауыр салмақта бас жүлдені белгілі палуан, 2014 жылғы "Қазақстан Барысының" күміс жүлдегері Асыл Бәрменов жеңіп алды. Ол финалдық белдесуде Бекзат Ахметбековтен басым түсті.

Сонымен биылғы жылдың "Қазақстан Барысына" Қарағандыдан Асыл Бәрменов пен Бекзат Ахметбеков қатысатын болады.

Еске салар болсақ, егер Рио-216 олимпиадасының лицензиясына қажетті ұпай санын жинап үлгерсе, қарағандылық бұл балуандардың қатарына дзюдодан Ұлттық құраманың мүшесі Ержан Шынкеев те қосылуы мүмкін.

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!