GGG келесі жекпе-жектердің уақытын жариялады

Фотография - GGG келесі жекпе-жектердің уақытын жариялады

Головкин келесі жекпе-жектерін ағымдағы жылы қыркүйек пен желтоқсан айында өткізуді жоспарлап отырғанын жариялады.

315 0

 Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы жерлесіміз Геннадий Головкин келесі жекпе-жектерін қай уақытта өткізетінін жария етті, деп хабарлайды Baq.kz порталы.

ESPN Deportes порталының хабарлауынша, Доминик Уэйдпен өткен жекпе-жектен кейін Геннадий Головкин баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, келесі жекпе-жектерін ағымдағы жылы қыркүйек пен желтоқсан айында өткізуді жоспарлап отырғанын жариялады. WBC чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен болатын келіссіздерге қарамастан, жекпе-жектердің уақыты өзгермейді. Дегенмен, "Канелоға" алдымен ол атақты Әмір Ханмен өтетін жекпе-жекте қорғап алу қажет.

Айта кетейік, бұған дейін WBC басшылығы мексикалық чемпион Альваресті GGG-мен кездесуге міндеттеген болатын. Алайда артынан екеуіне бір-бір жекпе-жектен өткізуге рұқсат берді. Күні кеше Головкин өз жекпе-жегін өткізіп, IBF белбеуін қорғап алды. Енді, мамырдың 7-сі күні Альварес WBC атағынан үміткер Әмір Ханмен кездеседі. "Канело" жеңсе, ол осы атақтың негізгі әрі міндетті үміткері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы шарт. Дегенмен, қазірдің өзінде екі жақ бір шешімге келе алмай отыр. Альварестің командасы 155 фунт (70,3 келі) салмақта кездесуді талап етсе, GGG тобы жекпе-жек толыққанды орта салмақ – 160 (72,5 келі) дәрежесінде өтуі тиіс деп санайды. Екі жақтың командасы бір шешімге келе алмаса, Головкин WBA чемпионы Дэнни Джэйкобспен кездесуі әбден мүмкін. Бұл боксшы WBA-дың әлем чемпионы болса, GGG осы атақтың суперчемпионы болып табылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!