Қалалық жарысқа өтетін Палуандар анықталды

Фотография - Қалалық жарысқа өтетін Палуандар анықталды

"Қазақстан Барысы" дәстүрлі республикалық жарысының Алмалы ауданы бойынша іріктеу кезеңі өтті

287 0

 Кәркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасы - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" дәстүрлі республикалық жарысының Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Жарыстың ақтық сыны 18 жастан жоғары ересектер арасында +90 келі, яғни абсолюттік салмақ "Түйе палуан" категориясы бойынша өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Ильясқажы Исламбек, 2-ші орынды Садыков Арыстан, 3-ші орынды Тоқтасынов Нұржан иеленді. 

Жарыстың жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлықтарға ие болды. Жарыстың құрметті әділ қазылар алқасы мен төрешілері: Бас төреші "қазақша күрес" және "самбо" күрестерінен спорт шебері Алиппанов Әділет, Ұлттық дәрежедегі төреші Ибрагимов Болатбек, 1-ші дәрежелі төрешілер Хамитов Жангелді, Тұрысқұлов Ғазиз төрешілік жасады. Іс-шараға Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова, Алмалы ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің мәселелері бойынша Кеңесші-үйлестірушісі Құсман Шалабаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!