Қазақстандық спортшы допингпен ұсталып, жарыстардан шеттетілді

Фотография - Қазақстандық спортшы допингпен ұсталып, жарыстардан шеттетілді

Анастасия Сопрунованы допингке қарсы ережені бұзғаны үшін 4 жылға жарыстарға қатысу құқығынан айырды

439 0

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) қазақстандық жеңіл атлет Анастасия Сопрунованы допингке қарсы ережені бұзғаны үшін 4 жылға жарыстарға қатысу құқығынан айырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Өткен жылдың соңында Сопрунова Дохада өткен Азия біріншілігінде кедергілер арқылы 60 метрге жүгіруден алтын медаль еншілеген болатын. Сонан соң қаңтар айында өткен Қазақстан біріншілігінде спортшыны тексеру кезінде допинг қолданғаны расталды. Оның дәл қандай затты қолданғаны әзірге жарияланбай отыр.+

Сопрунова қаңтар айында 30 жасқа толды. Ол 2013 жылғы Азия біріншілігінің күмісін олжалаған. Сонымен қатар, Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!