Данияр Елеусінов: Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңеді деп ойлаймын

Фотография - Данияр Елеусінов: Қанат Ислам қарсыласын нокаутпен жеңеді деп ойлаймын

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 8 мамыр күні колумбиялық боксшы Хуан де Анхельмен өткізеді.

542 0

Бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов 8 мамыр күні Қанат Ислам колумбиялық боксшыны қиындықсыз жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Қанат Исламға тек сәттілік тілеймін. Алла қолдасын! Уақытынан бұрын жеңіске жетеді деп ойлаймын. Себебі, Қанаттың дайындығы да, тәртібі де мықты жігіт. Соққысы да ауыр. Ол осы кездесуін нокаутпен жеңеді", - деді ол.

Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 8 мамыр күні колумбиялық боксшы Хуан де Анхельмен өткізеді. Кездесу АҚШ-тың Майами қаласында өтеді.

Қанат Ислам бүгінге дейін шаршы алаңда 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті (17 КО). Қазір ол әлемдегі ең беделді менеджерлердің бірі Эл Хэймонның қол астында жаттығып жүр.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!