Ауыр атлет Владимир Седов Азия чемпионы атанды

Фотография - Ауыр атлет Владимир Седов Азия чемпионы атанды

Қоссайыста екеуін есептегенде 386 келіні көтерді.

509 0

 Ауыр атлетикадан Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан спортшысы Владимир Седов 94 келі салмақта алтын медальді жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Ол серпе көтеруде 175, жұлқа көтеруде 211 келі зілтемірді басынан асырды.  Қоссайыста екеуін есептегенде 386 келіні көтерді. Күміс медальды ирандық Али Хашеми алды. Оның нәтижесі– 374 кило (174+200). Қола жүлдені  оңтүстік кореялық Пак Хан Вунг иеленді. Корей спортшысы қоссайыста 368 килоны .(160+208) көтерді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!