Гүзел Манюрова: Допинг дауына іліккен спортшылар тікелей кінәлі емес

Фотография - Гүзел Манюрова: Допинг дауына іліккен спортшылар тікелей кінәлі емес

Көптеген спортшылар тыйым салынған дәрі-дәрмектерді әдейі емес, білмей пайдаланады.

305 0

Еркін күрестен Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Гүзел Манюрова "Олимпиадаға 100 күн" атты ауқымды шара барысында қазақстандық спортшылардың допинге дауына ілігуіне қатысты жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Көптеген спортшылар тыйым салынған дәрі-дәрмектерді әдейі емес, білмей пайдаланады. Тек спортшылар ғана емес, дәрігерлер де. Милдронат дәрісі адам қанында қанша уақыт болатынын ешкім зерттеген жоқ. Алғашында, ол бір ай, кейін алты сағат, ал қазір бір жыл қанның құрамында болатыны белгілі болып отыр", - деді спортшы.  

Сонымен қатар Гүзел Манюрова елімізде милдронат препаратына қарсы зерттеу жүргізілмейтіндігін атап өтті.

"Бүкіләлімдік допингке қарсы агенттік (WADA) өз зерттеуін жүргізді. Осы препаратты қолданатын Қазақстан, Ресей және ТМД елдері олай жасамады. Соңында осындай тосын жағдай болды... Бұл жерде спортшылардың тікелей кінәсі жоқ", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бұл жағдайда бірінші спорт федерациялары мен дәрігерлер жауапты болу керек. Мұндай келеңсіз жағдайда кез келген спортшы тап болуы мүмкін.

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық ауыр атлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеді. Бұл жарыста Алмас Өтешов күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль алған болатын. Кейін олардың допинг қолданғаны дәлелденіп, спорттан шеттетілді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!