Өскеменде хоккейден "Торпедо Кубогы" турнирі басталды

Фотография - Өскеменде хоккейден "Торпедо Кубогы" турнирі басталды

Аталған сайыс бірінші рет ұйымдастырылып отыр.

137 0

Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2008 жылы туылған балалар арасында шайбалы хоккейден «Торпедо Кубогы» атты республикалық турнир басталды. 5 күнге созылатын турнирге еліміздің 4 қаласынан 6 команда қатысуда, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығынан.

Аталған сайыс бірінші рет ұйымдастырылып отыр. 5 күн бойы әрбір команда «Торпедо» хоккей командасының кубогы үшін бақ сынасатын болады.

Шараның ашылу салтанатында ойыншыларды Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы Владимир Головатюк құттықтады.

"Өскемен Қазақстандық хоккейдің отаны болып саналады. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ішінде мемлекетпен қатар, спорт саласы да қарқынды дами түсті. Дәл осы мұз айдынында жаттығып, ойын ойнаған бірқатар жас хоккейшілер ел намысын халықаралық чемпионаттарда қорғап, жүлделі орындар иеленді. Сондықтан бүгінгі ойыншыларға да сәттілік тілеймін", – деді Владимир Головатюк. 

Ұйымдастырушылар айтып өткендей турнир биыл бірінші рет өткенімен, кейін дәстүрлі түрде әр жыл сайын ұйымдастырылатын болады



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!