Қазақстан чемпионатының ақтық ойындары Интернет арқылы тікелей көрсетіледі

Фотография - Қазақстан чемпионатының ақтық ойындары Интернет арқылы тікелей көрсетіледі

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 2 млн. 700 мың тенге.

152 0

2-13 мамыр аралығында Алматы қаласында әйелдер мен ерлер арасында шахматтан Қазақстан Республикасы Чемпионатының ақтық ойыны өтеді. Ақтық кездесу 22 спортшы арасында өтпек. Ойын дөңгелек жүйе бойынша әйелдер арасында тоғыз, ерлер арасында он бір турдан халықаралық рейтингті есепке ала отырып өткізіледі. Бірінші және екінші орынды иеленген жеңімпаздар осы күзде Баку қаласында (Әзербайжан) өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына ұлттық құрама қатарында қатысу құқығына ие болады, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясынан.

Бұл чемпионатының басты ерекшелігі - барлық ойындар интернетте тікелей көрсетілімде беріледі. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалымжан Есенов:

"Қазақстанда осыған дейін елімізде өткен тек қана халықаралық турнирлердің партиялары тікелей көрсетілімде берілген еді. Бірақ жақында біз қажетті жабдықтарды, яғни электрондық тақталар мен Swiss Manager деп аталатын жеребеге арналған бағдарламаны сатып алдық. Бұл бағдарлама әлемдегі жетекші шахмат турнирлерінде пайдаланылады. Қазақстан Чемпионатының ақтық ойындарының тікелей таратылымын тексеру жоспарымызда. Одан кейін Еуразия Кубогының ойындарын маусым айында дәл осы жолмен онлайн түрде көрсететін боламыз. Мен еліміздің барлық өңірінен жиналған қатысушыларға сәттілік, қызықты ойындар және жеңіс тілеймін".

Жарыстар Қазақстан Шахмат Федерациясының ұйымдастыруымен және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қолдауымен өткізіледі. Чемпионаттың ақтық ойынының марапаттау салтанатында Қазақстан Шахмат Федерациясының Президентінің қатысады деп күтілуде.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!