"Алматы барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды

Фотография - "Алматы барысы" турнирінің жеңімпазы анықталды

Турнирде дзюдодан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы Виктор Демьяненко (105 кило) "Алматы барысы" атанды.

210 0

Алматыда қазақ күресінен "Алматы барысы" турнирі аяқталды. Оған 24 палуан қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Турнирде дзюдодан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы Виктор Демьяненко (105 кило) "Алматы барысы" атанды. Ол финалда қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер, 2013 жылғы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері Бауыржан Қабайды жеңді. Турнир соңында оған Алматы қаласының әкімі, қалалық қазақ күресі федерациясының президенті Бауыржан Байбек алтын белбеу мен Lada Priora автокөлігінің кілтін табыс етті. Күміс жүлдегер Бауыржан Қабайға 1 000 000 теңге табыс етілді. Үшінші орынды 2011 жылғы дзюдодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері Ақжол Медетов (110 кг) иеленді. Оған 500 000 теңге сыйақы берілді.

Енді Виктор Демьяненко мен Бауыржан Қабай Астана қаласында өтетін "Қазақстан барысы" турниріне қатысатын болады.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!