Іле-Балқаш регатасы басталды

Фотография - Іле-Балқаш регатасы басталды

Таңбалы Тас шатқалында он алтыншы рет өткізілетін дәстүрлі Іле-Балқаш регатасы басталды

210 0

Өткен жексенбіде Іле өзенінің жағасындағы Таңбалы Тас шатқалында он алтыншы рет өткізілетін дәстүрлі Іле-Балқаш регатасы басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл ауқымды шараның ұйымдастырушысы – Алматы облысы әкімдігі. Бағдарламада Іленің бойымен бір ай бойы суда жүзуден жарысумен қатар, "Таңбалы-Тас" фестивалі, судағы спорттық-туристік көпсайыс, табиғи рельефте жартасқа өрмелеу облыстық жарыстары өтеді. Рафтинг, қайық, катамаран кубоктық жарыстары, экологиялық акциялар ұйымдастырылады. Дәстүрлі экологиялық-туристік-спорттық жобалардың басты мақсаты – Балқаш көліндегі бассейнде су туризмін дамыту, Жетісу су қоймасынындағы судың таяздауымен күресу, сонымен қатар, спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау.

Іле-Балқаш регатасының салтанатты ашылу рәсіміне Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Кикимов, облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева және регата бастығы Владимир Покусов қатысты. Шара экологиялық флешмобпен және ашық аспан астындағы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Регатаның екі күнге жоспарланған алғашқы кезеңі жарыстардың көптеп ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Нақтырақ айтқанда, спринт және жаппай жүзу, табиғи рельефте жартасқа өрмелеу, судағы тәртіп және құтқару жұмыстары жарыстары, сол сияқты рафтинг, қайық, катамаран кубоктық жарыстары өткізілді. Сонымен қатар, жиналғандардың қалауы бойынша футбол, волейбол, қазақтың ұлттық спорттық ойындарына қатысуға мүмкіндік жасалды.

XVI Іле-Балқаш халықаралық регатасының 2 мамырда басталған II кезеңінде аквараллиге 29 тәжірибелі экипаж шықты. Олардың қатарында Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ескелді, Балқаш, Көксу, Қаратал аудандарының экстремалдары бар. Акваралли 29 мамырда аяқталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!