Олимпиада алауы Грекиядан Бразилияға жеткізілді

Фотография - Олимпиада алауы Грекиядан Бразилияға жеткізілді

Алауды қолына ұстаған спортшылар ел аумағында 95 күн бойы 335 қаланы аралайды

450 0

2016 жылдың жазғы Олимпиада алауы Грекиядан Бразилияға жеткізілді, деп жазды 24.kz.

Алауды қолына ұстаған спортшылар ел аумағында 95 күн бойы 335 қаланы аралайды. Сосын тамыз айындағы ойын қарсаңында Рио-де-Жанейро қаласына жеткізіледі. Алауды алғаш болып алып жүру мәртебесі волейболшы Фабиана Клаудиноға бұйырған. Ал жалпы ел ішін аралауға 12 мың адам атсалысады деп жоспарланған. 2016жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 5 тамыз күні Рио-де-Жанейро қаласындағы "Маракана" стадионында өтеді.

 Карлос Нузман, Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің басшысы - Біз спортшыларды қабылдауға дайынбыз. Олимпиада алауы да келді. Енді барлық тұрғынды мерекені тойлап, спорттық ойындарды ойнап, жастық пен жарыстың қызығын бірге тамашалауға шақырамын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!