Головкин тым мықты боксшы, оған шамам жетпейді – Амир Хан

Фотография - Головкин тым мықты боксшы, оған шамам жетпейді – Амир Хан

"Канелоны" бір амалын тауып, жеңуге болады, ал Головкинге қандай тәсіл қолдансаң да бәрі бекер", - дейді А.Хан.

200 0

Жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық боксшы Амир Хан (31-3, 19 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (35-0, 32 КО) қарсы жекпе-жек өткізуге қатысты пікірін білгісі келгендерге жауап берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Шынымды айтсам, орта салмаққа ауысу ойымда жоқ. Себебі, орта салмаққа өтетіндей ірі боксшы емеспін. Альвареспен жекпе-жек өткізу жайлы ұсыныс жасалған уақытта бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыстым. Ал одан әрі өтіп, Головкинмен кездесуді мүлде ойланып отырғаным жоқ. Өйткені, ол мен үшін тым үлкен және мықты боксшы. "Канелоны" бір амалын тауып, жеңуге болады, ал Головкинге қандай тәсіл қолдансаң да бәрі бекер", - дейді А.Хан.

Айта кетейік, Амир Хан 7 мамыр күні Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (46-1-1, 32 КО) WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Бұл кездесудің жеңімпазы Геннадий Головкинге қарсы белбеуін қорғауы тиіс.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!