"Реал" Чемпиондар лигасының финалына шықты

Фотография - "Реал" Чемпиондар лигасының финалына шықты

"Реал" клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалының екінші матчтында "Манчестер Сити" командасын 1:0 есебімен ұтты.

321 0

Бүгін түн ауа Мадридтің "Реал" клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалының екінші матчтында "Манчестер Сити" командасын 1:0 есебімен ұтып, кезекті рет финалға шықты. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Кездесуде жалғыз доптың авторы болып жасыл алаңда "Реал"  жейдесінде бірнеше жылдан бері тер төгіп келе жатқан уэльстік Гарет Бэйл атанды. Ол 19 минутта оң қапталдан суырылып шығып, қақпаның сол жақтағы жоғарғы бұрышын  дәл көздеп, есепті ашты. Осы голдан кейін "Манчестер Ситидің" ойыншылары да қол қусырып отырмады. Олар да алаң иелерінің қақпасына қауіпті жағдайлар жасады. Алайда, ойын соңына дейін таблодағы есепті өзгерте алған жоқ.

Енді Чемпиондар лигасының финалында Мадридтің қос командасы екінші рет кездеседі. Олар финалда 2014 жылы ойнаған болатын. Сол кезде "Реал"  жерлестерін 4:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының бас жүлдесін иеленген.

УЕФА Чемпиондар лигасы 1/2 финалындағы қарсыластардың екінші матчы.


4 мамыр. Мадрид. "Сантьяго Бернабеу" стадионы.  

Төреші: Скомина Дамир.

"Реал" (Мадрид): Навас, Пепе, Рамос, Марсело, Карвахаль, Кроос, Модрич (Ковачич 88’), Иско (Родригес 67’),

Роналду, Бэйл, Хесе (Васкес 56

"Манчестер Сити": Харт, Санья, Компани (Мангала 10’), Клиши, Отаменди, Фернандо, Навас (Ихеначо69’), Де Брёйне, Фернандиньо, Туре (Стерлинг 61’), Агуэро

Ескерту алды: Васкес 83’– Де Брёйне 30’, Фернандо 71’, Отаменди 90’

Гол: Бэйл 19’



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!