Олимпиада ойындарына алғаш рет анасы мен ұлы қатысады

Фотография - Олимпиада ойындарына алғаш рет анасы мен ұлы қатысады

Анасы мен ұлы да пневматикалық мылтықпен оқ ату спорты бойынша Олимпиада жолдамасын иеленген.

276 0

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына тұңғыш рет анасы мен ұлы қатысады. Осыған дейінгі Олимпиада тарихында мұндай жаңалық болмаған. 

Анасы мен ұлы да пневматикалық мылтықпен оқ ату спорты бойынша Олимпиада жолдамасын иеленген. Нино Салуквадзе мен оның ұлы Цотне Мачавариани Грузия құрамасының намысын қорғайды.

47 жастағы Нино Салуквадзе Олимпиада ойындарына 7-рет қатысқалы отыр. Оның еншісінде алтын, күміс, қола жүлде де бар. Ал оның 18 жастағы ұлы төрткүл дүниенің кіл мықтылары жиналатын додада алғаш рет бағын сынайды.  

    massaget.kz



    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!