Альварес Амир Ханды алтыншы раундта нокаутпен жеңді

Фотография - Альварес Амир Ханды алтыншы раундта нокаутпен жеңді

Қос боксшы бірінші раундта барлаумен өткізд

498 0

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Лас-Вегаста ұлыбританиялық боксшы Амир Ханды алтыншы раундта нокаутпен жеңіп, өз атағын қорғап қалды, деп жазды Baq.kz.

Қос боксшы бірінші раундта барлаумен өткізді. Шабуыл мен қорғаныста өздерін аса сақ ұстады. Бір-бірінің қателігін күтіп, бірден шабуылға ұмтылған жоқ. Екінші раундтан бастап "Канело" бірінші нөмірмен жұдырықтасуға көшті. Ал Амир Хан жылдамдығымен ерекшелене бастады. Оңтайлы тұсын тауып, соққыларын өткізумен болды.

Екінші нөмірмен жұдырықтасқан Амир Хан көп сәтте сытылып шығып отырды. Алайда алтыншы раундта Альварестің жойқын соққысы ұлыбританиялық боксшыны жер құштырды. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жекті Геннадий Головкин арнайы келіп тамашалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!