Головкинді Мексикада жұдырықтасуға шақырамын – Сауль "Канело" Альварес

Фотография - Головкинді Мексикада жұдырықтасуға шақырамын – Сауль "Канело" Альварес

АҚШ-та өткен бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде Альварес британдық боксшы Әмір Ханмен кездесіп, 6-раундта өз қарсыласын нокаутпен жеңді

393 0

Бүгін WBC атағы бойынша әлем чемипионы Сауль "Канело" Альварес өз белбеуін қорғап алды. Жекпе-жектен кейін сұхбат берген ол орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы жерлесіміз Геннадий Головкинді Мексикада жұдырықтасуға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz .

АҚШ-та өткен бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде Альварес британдық боксшы Әмір Ханмен кездесіп, 6-раундта өз қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша, мексикалық Сауль "Канело" Альварес WBC атағын қорғап алды. Ал бұл белбеудің негізгі әрі міндетті үміткері - Геннадий Головкин.

Жекпе-жектен кейінгі сұхбат барысында HBO арнасының комментаторы Макс Келлерман WBC чемпионы Сауль "Канело" Альварестен GGG-мен кездсеуге қаншалықты дайын екенін сұрады. Оған "Канело": "Мен оны Мексикаға шақырамын. Сол жақта рингте кездесейік. Мен ешкімнен қорықпаймын. Мексикада кездесіп жұдырықтасайық", - деп мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, Геннадий Головкин осы жекпе-жекті бапкері Абель Санчеспен бірге келіп тамашалады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!