Головкин Амир Ханды жеңген "Канелоға" жауап қайтарды

Фотография - Головкин Амир Ханды жеңген "Канелоға" жауап қайтарды

Мексикалық боксшы ағылшын қарсыласын жеңген соң GGG шақырту тастаған болатын.

900 0

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы жерлесіміз Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестің екеуінің жекпе-жегін Мексикада өткізу туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кетейік, бүгін АҚШ-та өткен бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде Альварес британдық боксшы Әмір Ханмен кездесіп, 6-раундта өз қарсыласын нокаутпен жеңді. Осылайша, мексикалық Сауль "Канело" Альварес WBC атағын қорғап алды. Ал бұл белбеудің негізгі әрі міндетті үміткері - Геннадий Головкин. Жекпе-жектен кейінгі сұхбатта "Канело": "Мен Головкинді Мексикаға шақырамын. Сол жақта рингте кездесейік. Мен ешкімнен қорықпаймын. Мексикада кездесіп жұдырықтасайық", - деп мәлімдеді.

Фото -

Головкин мексикалық боксшының сөзіне өзінің Твиттер парақшасында жауап берді. "Бүгінгі кештің барлық боксшыларына құрметпен қараймын, мен дайынмын, Канело", - деп жазды GGG. Головкиннің "барлық боксшылары" дегені, "Альварес - Хан" жекпе-жектің андеркартында Генаның бұрынғы қарсыластары Кретис Стивенс пен Давид Лемье өнер көрсеткен болатын. Екеуі де өз қарсыластарын нокаутпен жеңді.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!