Хоккей: Қазақстан құрамасы Ресейліктерден ұтылып қалды.

Фотография - Хоккей: Қазақстан құрамасы Ресейліктерден ұтылып қалды.

Есеп 4:6.

263 0

Ойында ресейліктер 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олег Знарктың ойыншылары турнирдегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Ресей бірінші кездесуде 0:3 есебімен Чехиядан жеңіліс тапты.

Қанжығасына үш ұпай байлаған Ресей А тобында үшінші орынды алып тұр. Ал қазақстандықтар екі ұпаймен бесінші орынға келіп жайғасты.

Қазақстан хоккей құрамасының бас жаттықтырушысы Андрей Назаров әлем чемпионатында матчтан кейін өзінің ойыншысы Роман Старченконы сұхбат бергізбестен алып кетуінің себебін түсіндірді.

Бірінші айналымнан кейін Старченко ойын нәтижесін хабарлауға дайындалды. Алайда Назаров оған сөз берместен оны бірден шешіну бөлмесіне алып кетеді. “Ойын эмоцияға толы, ал мына жерде әдемі бойжеткен тұр. Наталья Кларк ұсқынсыздау болса, ойыншыны алып кетпес едім”, – деп мәлімдеді Назаров.


Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!