Головкин АҚШ-та қазақ баласының тұсауын кесті

Фотография - Головкин АҚШ-та қазақ баласының тұсауын кесті

Қазақстандық жұп сәбиінің тұсауын Головкинге кестіруді ұйғарыпты.

336 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та өткен "тұсау кесу" рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Nur.kz.

Қазақстандық жұп сәбиінің тұсауын Головкинге кестіруді ұйғарыпты. Бұған отандасымыз қарсылық білдірмей, керісінше, қуана-қуана келіскен.

Қазақта баланың тұсауын ел арасында сөз ұстаған шешендер, алып күштің иесі батыр-балуандар, желаяқ жүйріктер, жез таңдай ақын-әншілер, даңғайыр күйшілер, дінді берік ұстанған адамдар немесе аузында иманы, қолында құраны бар молдалар кескенін ескерсек, АҚШ-тағы жас жұптың өз нәрестесінің тұсауын ырымдап Головкинге кестіруінде үлкен мән бары анық. Лайым ниеттері қабыл болғай!

Естеріңізге саламыз, Геннадидің басты қарсыласы Сауль Альварес 7 мамыр күні британиялық Амир Ханды жеңгеннен кейін қазақстандықты жекпе-жекке шақырды. Головкин мексикалық боксшының бұл шақыруын қабыл алды.

Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, Альварестің Головкинді халық алдында шақырғаны ғана болмаса, бұл жекпе-жекті өткізуге боксшы да, оның командасы да мүдделі болып отырған жоқ. "Канело" иелік ететін WBC белбеуіне GGG үміткер болған уақыттан бері мексикалық боксшы түрлі себептер айтып, қазақстандықпен шаршы алаңда жолықпаудың амалын қарастырып жүр.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!