Петропавлда "Қызылжар барысы" анықталды

Фотография - Петропавлда "Қызылжар барысы" анықталды

Аудандар мен қалалардан сайдың тасындай іріктеліп келген палуандарға облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова сәттілік тіледі.

162 0

Петропавл қаласында өткен "Қызылжар барысы" облыстық турниріне 28  палуан қатысып, өзара күш сынасты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Аудандар мен қалалардан сайдың тасындай іріктеліп келген палуандарға облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша, алтын белбеу мен 150 мың теңгенің сертификатын 21 жастағы палуан Алтынбек Айсағитов иеленді. Ол М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті. Қазақша күреспен 3 жылдан бері айналысады.

Екінші орынға петропавлдық Дулат Алпысов ие болды. Оған 100 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Даурен Нұрғожин жарыстың қола жүлдегері атанып, 50 мың теңге алды.

Айта кетейік, "Қызылжар барысы" турнирінің жеңімпаздары республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!