Шейн Мозли: Головкин – Альварес 17 қыркүйекте кездеседі

Фотография - Шейн Мозли: Головкин – Альварес 17 қыркүйекте кездеседі

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланып отырған көрінеді

355 0

Кәсіпқой бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозли өзінің "twitter" желісіндегі жеке парақшасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін уақытын жариялады, деп хабарлады   Baq.kz.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланып отырған көрінеді. Шейн бұл ақпараттың рас екендігін, әрі оны өзі алғаш болып хабарлап отырғандығын да айтады. 
- "Канело" және GGG - 17 қыркүйек! Меніңше, қыркүйек айында бұл жекпе-жекке тең келер кездесу өте қоймас. Жыл жекпе-жегі болады. "Golden Boy Promotions" атқарған керемет жұмыс!
- Сіздер "Канело" мен GGG келісімге келгенін әлі естімеген боларсыз? Келіссөздер аяқталды. Сіз мұны бірінші болып оқып отырсыз. Менің жекпе-жегім 28 мамыр күні өтеді. Ал "Канело" мен GGG - 17 қыркүйекте, - деп жазды "twitter" желісінде Шон Мозли.
Мамырдың жетісі күні Сауль Альварес Лас-Вегаста Амир Ханға қарсы жекпе-жек өткізіп, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Енді WBC ережесіне сәйкес мексикалық қазақстандық боксшымен кездесу өткізуге міндетті. Дегенмен, қос боксшы промоутерлерінің келіссөздер жүргізуіне әлі жарты айға жуық уақыт бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!