Олимпиада лицензияларын 100-ден асыруды жоспарлап отырмыз – Е.Қанағатов

Фотография - Олимпиада лицензияларын 100-ден асыруды жоспарлап отырмыз – Е.Қанағатов

Ауыр атлетика, бокс, күрес, дзюдо мен жеңіл атлетикаға негізгі басымдық берілмек.

289 0

"Қазір бізде 82 лицензия бар. Оның барлығы 23 спорт түрінен жеңіп алдық. Дегенмен, алда әлі дзюдо, жағажай волейболы, теннис, жеңіл атлетика сияқты лицензиялық бәсекелер бар. Соның бәрін қосқанда, Олимпиадаға баратын спортшылардың санын 100-ден асырамыз ба деп отырмыз", - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі денешынықтыру және спорт істері жөніндегі комитеттің төрағасы Елсияр Қанағатов. Оның айтуынша, барлық лицензиялық жарыстар маусымның 25-сіне дейін жалғасады. Сол кезде лицензиялардың нақты саны белгілі болады.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде әрбір спорт түрінен медаль алу міндеті қойылып отыр. Дегенмен, ауыр атлетика, бокс, күрес, дзюдо мен жеңіл атлетикаға негізгі басымдық берілмек. 

Айта кеткен жөн, Рио-2016 Олимпиадасы алғаш рет Оңтүстік Америка жерінде өтпек. Онда медальдардың рекордтық саны (301) сарапқа салынады. Сондай-ақ келетін мемлекеттердің рекордтық саны (206) болады деген болжам бар. Олимпиадаға алғаш рет Косово мен Оңтүстік Судан елдері қатысады.

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!