МСМ: Головкиннің жекпе-жегін Астанада өткізуді қолдаймыз

Фотография - МСМ: Головкиннің жекпе-жегін Астанада өткізуді қолдаймыз

Бүгінде Головкиннің жанкүйерлері көп, сондықтан оның жекпе-жегін Астанада өткізсек, жақсы болар еді - Е.Қанағатов.

269 0

Күні кеше бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ЭКСПО-2017 көрмесіне орай үлкен бокс кешін ұйымдастыруға дайын екендігін жеткізген еді. Оның айтуынша, Астанаға бокс әлемінде аты аңызға айналған жұлдыздарды шақырып, Америкадағы бокс кештерінен кем түспейтін шоуды өткізуге әбден болады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі денешынықтыру және спорт істері жөніндегі комитеттің төрағасы Елсияр Қанағатов осы бастамаға қатысты өз пікірін білдірді.

"Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Ондай шараны ұйымдастыруға болады. Бірақ оны әлі де пысықтау қажет. Қанша қаражат кететінін, бәрін жан-жақты зерделеу керек. Әрине, бүгінде Головкиннің жанкүйерлері көп. Сондықтан оның жекпе-жегін Астанада өткізсек, жақсы болар еді", - деді Е.Қанағатов. 

Айта кетейік, Allboxing.ru сайтына берген сұхбатта Г.Головкин: "Мен елімізде жекпе-жек ұйымдастыруды әркез қолдаймын. Біріншіден, біздің халық баяғыдан бері үлкен шоуға лайық. Осы орайда билік өкілдері, спорт пен бокс жетекшілері, жалпы осы кешті ұйымдастыра алатындар бұл бастаманың мән-мағынасын жете түсінуі тиіс. Келесі жылы Астанада ЭКСПО атты ауқымды көрме өтеді. Неге жекпе-жекті осы шараға арнап өткізбеске? Мен ЭКСПО-2017 көрмесінің елшісі ретінде осы кездесу арқылы әлем назарын осынау үлкен шараға тарту үшін өз тарапымнан бар күш-жігерімді салатын боламын", - деп мәлімдеді.

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!