Дзюдо: Алматыдағы Гран-придің алғашқы күнінде үш қазақстандық финалға шықты

Фотография - Дзюдо: Алматыдағы Гран-придің алғашқы күнінде үш қазақстандық финалға шықты

Қыздар арасында ең жеңіл салмақта Галбадрах Отгонцэцэг финалда кореялық спортшымен кездеседі

394 0

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдо күресінен халықаралық "Grand Prix" турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде финалға үш қазақстандық спортшы шықты, деп хабарлады Baq.kz.

 Қыздар арасында ең жеңіл салмақта Галбадрах Отгонцэцэг финалда кореялық спортшымен кездеседі. Ал әлем чемпионатының күміс жүлдегері 60 келідегі Рустам Ибраев жартылай финалда талантты өзбек балуаны Диёрбек Урозбоевты жеңді. Енді финалда италиялық Элиос Манциме жолығады.

Осы салмақта күрескен Асхат Тельманов пен Айбек Имашев қола жүлде үшін таласады. 66 келіде Жансая Смағұлов финалға жолдама алды. Оның қарсыласы – жапониялық MARUYAMA, Joshiro.

Азамат Мұқанов пен Елдос Жұмақановтар үшінші орын үшін бәсекеге түседі.

Айта кетейік, Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алған дзюдошы 2400$, бапкерін 600$ иеленсе, екінші орын үшін балуан 1600$ бапкері 400$ алады. Қола жүлдегерге 800$, жаттықтырушысына 200$ сомасында қаржылай сыйлық табысталатын болады.

Турнирде 1 орын алға н спортшы - 300, 2 орын – 180, 3 орын - 120 ұпайға ие болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!