Галбадрах Отгонцэцэг Алматы Гран-приінің жеңімпазы атанды

Фотография - Галбадрах Отгонцэцэг Алматы Гран-приінің жеңімпазы атанды

Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды

300 0

Дзюдо күресінен Алматы қаласында өтіп жатқан әлемдік гран-придің алғашқы жарыс күнінде 48 келідегі Отгонцэцэг Галбадрах чемпион атанды, деп хабарлады Baq.kz.

Галбадрах финалда кореялық спортшыны жеңді.

Моңғолиядан келіп, Қазақстан азаматтығын алған бұл спортшы биылғы жылы 30-ға тарта кездесуге шығып, оның көбісінде жеңіске жеткен. Ташкентте өткен Азия чемпионаты мен бірнеше гран-прилерде топ жарды.

Айта кетейік, Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алған дзюдошы 2400$, бапкерін 600$ иеленсе, екінші орын үшін балуан 1600$ бапкері 400$ алады. Қола жүлдегерге 800$, жаттықтырушысына 200$ сомасында қаржылай сыйлық табысталатын болады.

Турнирде 1 орын алға н спортшы - 300, 2 орын – 180, 3 орын - 120 ұпайға ие болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!