Қазақстан құрамасы олимпиадаға іріктеу жарысын жеңіліспен бастады

Фотография - Қазақстан құрамасы олимпиадаға іріктеу жарысын жеңіліспен бастады

Олар алғашқы ойында Нидерланды құрамасына есе жіберді.

613 0

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Токио жерінде басталған олимпиада ойындарына іріктеуді сәтсіз бастады. Алғашқы ойында Вячеслав Шапран шәкірттері Нидерланды құрамасына 1:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Today.kz  Қазақстан волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Алғашқы сетте Қазақстан құрамасы қыздары қарсыластарына 12:25 есебімен ұтылып қалды. Ал екінші сетте қазақ қыздары жігерлік танытып  25:21 есебімен ұтқан. Қалған екі сетте Нидерланды құрамасы айқын басымдыққа ие болып , олимпиада ойындарына іріктеу турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жетікзді.

 

Естеріңізге салсақ, олимпиада ойындарына іріктеу жарысы Токио жерінде 14 мамыр мен 24 мамыр аралығында өтеді. Қазақстан құрамасынан бөлек Нидерланды, Италия, Доминика Республикасы, Перу, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея қыздары жалпы саны төрт жолдамаға таласатын болады.

 

Ертең Қазақстан құрамасы Жопониямен жолығады. Кездесу Kazsport арнасынан Астана уақытымен 16:10 да басталады.

 

Қазақстан — Нидерланды 1:3 (12:25, 25:21, 14:25, 8:25)



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!