Дзюдодан Қазақстан құрамасында Олимпиадаға тек бес жолдама бар

Фотография - Дзюдодан Қазақстан құрамасында Олимпиадаға тек бес жолдама бар

Қалған салмақтағы дзюдошыларымыз рейтингтегі орындарының төмен болуына байланысты олимпиада ойындарынан тыс қалып отыр.

324 0

Дзюдодан Қазақстан құрамасынан 2016 жылы Рио-де Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына жолдама әзірге тек бес спортшыда ғана бар.  

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов (жалпы рейтингте 4-ші орын), 66 келіде Жансай Смағұлов (17-ші орын) және Максим Раков (20-шы орын) Рио олимпиадасына қатысуға мүмкіндігі бар.
Қыздар құрамасынан 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцецег жалпы рейтингте үшінші орынға тұрақтап, олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алса, 63 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген Мариан Ордабаева Азия құрлығына бөлінген жолдаманы иеленіп, төртжылдықтың басты бәсекесінде Қазақстан атынан сынға түсетін болды.
Қалған салмақтағы дзюдошыларымыз рейтингтегі орындарының төмен болуына байланысты олимпиада ойындарынан тыс қалып отыр.

Baq.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!