Бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Фотография - Бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Онда 48 килоға дейінгі салмақта Назым Қызайбай Польша өкілі Анжелика Гронскамен кездесетін болып шешілд

227 0

Бүгін Астанада бокстан әлем чемпионатының жеребесін тарту рәсімі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Онда 48 килоға дейінгі салмақта Назым Қызайбай Польша өкілі Анжелика Гронскамен кездесетін болып шешілді.  51 кило салмақтағы Жайна Шекербекова жарысты келесі айналымнан бастайды. Ол аргениналық Лескурат пен алжирлік Бочененің арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді. 54 килодағы Дина Жоламан да жарысқа екінші айналымнан бастап қатысады. Отандасымыз румыниялық Нечита мен германиялық Вахнердің арасындағы кездесудің мықтысымен кездеседі. Сол сияқты 57 кило салмақтағы Айжан Қожабекова украиналық Малована мен венгр боксшысы Ксомбордың арасында өтетін жекпе-жектің жеңімпазымен айқасады.

60 килода венгриялық Лю мен даниялық Расмуссен кездеседі. Осы екеуінің біреуі келесі айналымда қазақстандық боксшы Римма Волосенкомен қолғап түйістіреді. Ал 64 килоға дейінгі салмақта зарина Цолоева вьетнамдық Ха Ти Линмен, 69 килодағы Валентина Хальзова кореялық Химин Номен шаршы алаңға шығады. Келесі салмақта Виолетта Князева (75 кг) екінші айналымда австралиялық Кэйтлин Паркермен, Юлдуз Маматкулова (-81 кг) ресейлік Любовь Пашинамен күш сынасады. Ал 81 килодан аса салмақтағы Ләззат Күнгейбаева әзербайжан Айнур Рзаева мен үнді Сима Пунияның арасындағы айқастың жеңімпазымен бокстасады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!