"Севилья" қатарынан үшінші рет Еуропа лигасын жеңіп алды

Фотография - "Севилья" қатарынан үшінші рет Еуропа лигасын жеңіп алды

Финалда Швейцарияның Базель қаласында "Севилья" Англияның "Ливерпуль" командасымен кездесті

311 0

Футболдан Испанияның "Севилья" клубы Еуропа лигасын жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Финалда Швейцарияның Базель қаласында "Севилья" Англияның "Ливерпуль" командасымен кездесіп, 3:1 сесебімен ұтты. Матчта бірінші болып есепті ағылшындар ашты. 35 минутта "Ливерпульдің" шабуылшысы Старридж гол соқты. Екінші таймда "Севильяның" шабуылшысы Гамерро есепті теңестірсе, одан кейін Коке Хорхе дубль жасады. Испандар қарсыластар қақпасына допты ойынның 46, 64 және 70 минутта тоғытты.

"Севилья" осымен бас жаттықтырушы Эмеридің басшылығымен қатарынан үшінші рет финалға шығып, үшінші рет Еуропа лигасын жеңіп алды. Команда 2014 жылы Португалияның "Бенфика" клубын матч соңында берілген пенальтиден жеңсе, былтыр Украинаның "Днепр" командасын 3:2 есебімен ұтты.

УЕФА Еуропа лигасының финалы.

18 мамыр. Базель.  «Санкт-Якоб Парк» стадионы.

Төреші: Юнас Эрикссон

"Ливерпуль": Миньоле, Клайн, Туре (Бентеке82’), Ловрен, Морено, Лаллана (Аллен 73’, Джан, Милнер (капитан), Фирмино (Ориги 69’, Старридж, Коутиньо

"Севилья": Сорья, Мариано, Рами (Колодзейчак 78’), Карришу, Эскудеро, Н’Зонзи, Крыховяк, Коке Хорхе (капитан), Банега (Кристофоро 90’), Витоло, Гамейро (Иборра 89’)

Ескерту алды: Ловрен 30’, Ориги 72’ – Витоло 56’, Банега 57’, Рами 77’, Мариано 84’

Голдар: Старридж 35’ – Гамейро 46’, Коке Хорхе 64’, 70’



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!