Астанада ұйымдастырушылар әйелдер арасында бокстан ӘЧ-2016 ашылуында шоу жасады

Фотография - Астанада ұйымдастырушылар әйелдер арасында бокстан ӘЧ-2016 ашылуында шоу жасады

Әлем чемпионатында жаһанның 67 елінен 285 спортшы бақ сынайды.

469 0

Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды.

Әлем біріншілігінің ресми ашылу құрметіне елорданың Барыс Аренасында тамаша шоу ұйымдастырылды. Қазақтың әнші қызы Жанар Дұғалова ашылу салтанатының басында нәзік жандыларға ән арнады. Кейін бокссүйер қауым балалар би ұжымының өнерін тамашалады.

Шара барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөз сөйледі.

"Еліміз бокстан әрдайым зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Бұған түрлі тұжырымдар бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді мысалға келтіруге болады. Бүгінде біздің елімізде жасы мен жынысына қарамастан 74 мыңнан аса спортшы бокс секциясына барады. Бүгінгі турнир осы спорт түрінің дамуына қосымша серпін береді деген үміттемін", - деді министр.

Фото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман МухатовФото - Фото: ©Арман Мухатов

Әлем чемпионатында жаһанның 67 елінен 285 спортшы бақ сынайды.

Жарыс күндері жанкүйерлер үшін Барыс Аренаға кіру тегін. 

 BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!