Абылайхан Жүсіпов есе жіберді, бес боксшы финалда – Мырзағали Айтжанов

Фотография - Абылайхан Жүсіпов есе жіберді, бес боксшы финалда – Мырзағали Айтжанов

64 келідегі Абылайхан Жүсіпов алғашқы кездесуінде ағылшын боксшысына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды

471 0

Бокстан Латвияда өтіп жатқан халықаралық турнирде ел намысын қорғаған алты былғары қолғап шеберінің бесеуі финалға шықты, деп хабарлайды Baq.kz . Бұл туралы бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып өтті.

"Олимпиада алдында Ирландияда екі аптаға созылған жаттығу жиындарынан соң ұлттық құраманың боксшылары екі топқа бөлініп, халықаралық турнирге қатыстыру жоспарланған болатын. Олардың бір тобы Латвияға аттанса, 49, 52, 75 келідегі жолдама алған боксшылар Астанада өтетін С.Нұрмғамбетов турнирінде сынға түседі", деді ол. 
Латвия Астанасына аттанған боксшылар құрамына олимпиадада 56, 60, 64, 81, 91 және + 91 келіде ел намысын қорғайтын спортшылар кірген болатын. Олардың бесеуі финалға дейін жетсе, 64 келідегі Абылайхан Жүсіпов алғашқы кездесуінде ағылшын боксшысына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Финалдық кездесуге шыққан Қайрат Ералиев, Берік Әбдірахманов, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко кездесулерін ертең өткізеді.

Бұл боксшылардың барлығы Рио-де Жанейро олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!