WBA әлем чемпионы белдігін жеңіп алған Шүменов ресейлік Лебедевпен кездеседі

Фотография - WBA әлем чемпионы белдігін жеңіп алған Шүменов ресейлік Лебедевпен кездеседі

Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы белдігін иеленді

359 0

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов америкалық қарсыласы Джуниор Райтты тізе бүктіріп, бірінші ауыр салмақта WBA әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Baq.kz.

Лас-Вегаста америкалық Джуниор Энтони Райтпен қолғап түйістірген отандасымыз 10-раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы белдігін иеленді.

Енді жерлесіміз Мәскеуде аргентиналық Виктор Эмилио Рамиресті 2-раундта техникалық нокаутпен жеңген ресейлік Денис Лебедевпен кездеседі.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!