Әлем чемпионатының екінші кезеңіне қазақстандық 5 боксшы өтті

Фотография - Әлем чемпионатының екінші кезеңіне қазақстандық 5 боксшы өтті

Жарыстың үшінші күнінде алғашқы жеңіс 48 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбайдың еншісінде болды

349 0

Астанада өтіп жатқана бокстан әлем чемпионатының екінші кезеңіне 5 спортшымыз өтті, деп хабарлады 24.kz.

Жарыстың үшінші күнінде алғашқы жеңіс 48 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбайдың еншісінде болды. Жеңісті 51 келі салмақта жұдырықтасып жатқан Жайна Шекербекова жалғастырды. Бұдан бір күн бұрын вьетнамдық қарсыласын тізе бүктірген Зарина Цолоева 64 салмақта шаршы алаңға шыққан еді. Сондай-ақ, жеңімпаздардың қатарында В.Князева мен В.Хальзова бар. Ал, әлемдік біріншілікте өнер көрсеткен Римма Волосенко жарыстың соңғы минуттарында даниялық қарсыласынан жеңіліп қалды. Айта кетейік, әлемдік біріншілікке әр елден 10 спортшыға дейін қатыса алады. Онда 51, 60, 75 келі салмақтарда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиаданың 4 жолдамасы сарапқа салынады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!