Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

Фотография - Канада хоккейден әлем чемпионы атанды

Шешуші кездесу толығымен Канаданың басымдығымен өтті

153 0

Кеше, яғни жексенбіден дүйсенбіге ауысқан түнде Ресейде өткен хоккейден әлем чемпионаты аяқталды. Финалдық сында Финляндиядан 2:0 есебімен басым түскен Канада құрамасы әлем чемпионы атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Шешуші кездесу толығымен Канаданың басымдығымен өтті. Ойынның 12-минутында Солтүстік Америка құрлығының өкілдері есеп ашып, алға шықты. Мергендігімен көзге түскен Коннор Макдэвид болатын. Қалған уақытта финн хоккейшілері сауатты қорғанып, канадалықтардың шабуылына лайықты тойтарыс беріп отырды. Тіпті, соңғы минутқа дейін есеп өзгеріссіз қалды. Тек 60-минутта ғана Канада хоккейшілері есепті еселеудің амалын тапты. Алайда, бұл жолы шайба бос қақпаға соғылғанын атап өткен жөн. Шешуші соққының авторы – Мэтт Дюшейн.

Өткен жылы да үйеңкі жапырақты елдің хоккейшілері әлемдік додада топ жарған болатын. Демек, бұл жолы олар чемпиондық атақтарын лайықты қорғай білді. Осылайша, Канада тарихында 26-рет әлем чемпионы атанды.

Ресей құрамасы чемпионаттың қола жүлдегері атанғанын айта кетейік. Солтүстіктегі көршіміз үшінші орын үшін болған ойында АҚШ-ты 7:2 есебімен жеңді. Ал өз тобында соңғы орын алған Қазақстан элиталық дивизионмен қош айтысты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!