Головкин - Альварес жекпе-жегі қыркүйекте өтуі мүмкін – А.Санчес

Фотография - Головкин - Альварес жекпе-жегі қыркүйекте өтуі мүмкін – А.Санчес

Олар келіссөздерді жүргізіп жатыр. Бір келісімге келеді деп сенемін

327 0

Бапкердің айтуынша, қазіргі кезде келіссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.


"Олар келіссөздерді жүргізіп жатыр. Бір келісімге келеді деп сенемін. Бұл жекпе-жекті бәріміз көргіміз кеп жүр. Бірақ ол жекпе-жек Мейвейзер – Пакьяо кездесуі сияқты болмау қажет. Бір нәрсе болса, маған хабарлап айтады деп ойлаймын. Том Леффлер мен Геннадий көп кездесулер өткізіп, бәрін тындырғысы келіп жүр. Егер бәрі ойдағыдай болса, қыркүйектің 17-і күні біз тамаша жекпе-жектің куәгері боламыз", - деді GGG-дің бапкері On The Ropes радиосына берген сұхбатында.


Айта кетейік, бұған дейін мексикалық Сауль "Канело" Альварес WBC белбеуінен бас тартқан болатын. Осылайша, жерлесіміз Геннадий Головкин тағы бір атақтың иегері атанды. Оның промоутері Том Леффлердің айтуынша, Альварестің белбеуден бас тартқанына қарамастан, екі боксшы арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келіссөздер жалғаса береді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!