Оңтүстік Қазақстан спортшылар Олимпиадағы 17 жолдама иеленді

Фотография - Оңтүстік Қазақстан спортшылар Олимпиадағы 17 жолдама иеленді

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары Риода өтетін ХХХІ Жазғы олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін 17-лицензияны ұтып алды.

154 0

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары Риода өтетін ХХХІ Жазғы олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін 17-лицензияны ұтып алды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Атап айтқанда, жерлесіміз Жайна Шекербекова Астанада әйелдер боксынан өткен Әлем чемпионатында жартылай финалға шықты.

Ширек финалда 51 келі салмақта өнер көрсеткен Жайна германиялық Азизе Ниманимен тартысқа түскен болатын. Ауыр жекпе-жектің қорытындысы бойынша 3:0 есебімен біздің бойжеткен жеңіске жетті. 

Шекербекова Жайна Құрманғалиқызы - ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар, жерлесіміз бірнеше xалықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып, жүлдесіне ие болған. Ол 2010 жылы Азия чемпионы, 2014 жылы Азия ойындарының күміс жүлдегері, күштілер турнирінің жеңімпазы атанған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!