Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында

Фотография - Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында

Екінші айналымда 21 жастағы қазақстандық теннисші 28 жастағы Андреа Петвовичпен кездесті

261 0

 Юлия Путинцева германиялық Петковичті жеңіп, "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды  Vesti.kz. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Францияда теннистен өтіп жатқан ашық біріншілікттің үшінші айналымына өтті. Екінші айналымда  21 жастағы қазақстандық теннисші 28 жастағы Германия өкілі Андреа Петвовичпен кездесіп 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы италияндық қыз Карин Кнапп болмақ. 

 Путинцева Франция ашық біріншілігінің  жекелей сынында қалған Қазақстанның жалғыз өкілі. Бұған дейін жарыс жолынан Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева мен Михаил Кукушкин шығып қалған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!