Ләззат Күнгейбаева чемпион атану үшін финалда сынға түседі

Фотография - Ләззат Күнгейбаева чемпион атану үшін финалда сынға түседі

Бұрымды боксшылар арасындағы жаһандық доданың жартылай финалына 6 спортшымыз шыққан болатын

709 0

Бокстан әйелдер арасында Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық 4 боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұрымды боксшылар арасындағы жаһандық доданың жартылай финалына 6 спортшымыз шыққан болатын. Олардың екеуі жартылай финалда сүрініп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева сынды боксшылар бүгін Астанада уақытымен сағат 15:00-де чемпиондық атаққа таласады. Олардың арасында Назым Қызайбай мен Ләззат Күнгейбаева екінші рет әлем чемпионатының финалында сынға түсуге мүмкіндік алып отыр. Осыған дейін олар Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатының финалында жұдырықтасқан болатын.

Фото -

Айта кетейік, Астанада 19 мамыр күні басталған әлем біріншілігіне 67 мемлекеттен үш жүзге жуық боксшы қатысушы ретінде тіркелген. Олардың арасында олимпиада чемпионы және әлемнің бес дүркін жеңімпазы ирландиялық Кети Тэйлор секілді әлем аты мәшһүр спортшылар бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!